389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да 74 елді мекенді су басуы мүмкін

  • 764
ШҚО-да 74 елді мекенді су басуы мүмкін

Егер күн райы күрт жылынса, Шығыс Қазақстан облысында 74 елді мекенді су басуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – негізінен Қатонқарағай, Бесқарағай, Шемонаиха, Барадулиха, Алтай аудандарындағы ауылдар. Өскемен мен Семей және Риддер қалалары да қауіпті аймақтар қатарында. Сондықтан тасқынға тосқын шараларын күшейту үшін облыс бойынша 6 жұмыс тобы құрылды. Ал атқарушы билікті аймақтағы гидротехникалық нысандардың жағдайы алаңдатып отыр. Бүгінде өңірде ірілі-ұсақты 222 су қоймасы бар. Облыстың коммуналдық меншігіндегі 66 бөгеттің 15-ін дереу жөндеу қажет. Қауіпті деген 5 бөгеттің суын өткен күзде ағызып жібереген. Олар – Глубокое және Көкпекті аудандарында жарты ғасыр бұрын салынған көлемі жағынан ең үлкен тоғандар. Ал ескі бөгеттерді жөндеу үшін 267 миллион теңге қажет.

Мұрат Құсаинов, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы:

– Көктемдегі су тасқынынан кейін тағы да тексеру жұмыстары болады. Әрі қарай да қосылатын шығар деп ойлаймыз. Оған да облыстан бюджет қарастырамыз.

Жадыра Аманғалиқызы, облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі:

– Күштер мен құралдар барлығы дайындыққа келтірілген. 6 мобильді топ құрылған. Жеке құрамнан мың шақты адам. 300-дей көмекші құралдар, 60 шақты жүзу құралдары дайындыққа келтірілген.

Хабар 24 телеарнасы