384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде құрылысы аяқсыз қалған колледж ғимараты қала қарамағына өтті

  • 522
  • UPD: 19:16, 21.02.2019
Өскеменде құрылысы аяқсыз қалған колледж ғимараты қала қарамағына өтті

Өскеменде құрылысы 2013 жылы басталып, аяқсыз қалған көпсалалы колледж жергілікті әкімдіктің меншігіне беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Машина жасау бағытында мамандар даярлайтын оқу орнын салуға Білім және ғылым министрлігі тапсырыс беріп, республикалық қазынадан 4 миллиард теңге бөлінген болатын. Бірнеше жатақхана және үш бөліктен тұратын оқу корпусы, кешенді 2 гараж құрылысы 80 процент аяқталған еді. Алайда жобаны сол кезде басқарған Білім және ғылым министрлігіндегі жауапты тұлға қазына қаржысына қол салып, сотталып кеткен. Осыдан соң колледж құрылысы да тоқтап қалған. Тоналған колледж ғимараты Өскемен қаласының коммуналдық меншігіне өтетін болды. Енді қала әкімдігі мүлік бойынша түгендеу жүргізілген соң жоба жасмақ. Ол үшін 33 миллион теңге  бөлініді.

Әлібек Тұрсымбетов, қала әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Қазіргі кезде Өскемен қаласының әкімдігімен қалалық құрылыс бөліміне тапсырылды. Бұл құрылыс бөлімімен кешенді жұмыстар жоспарланған. Оның экспертизалық жұмысы аяқталғаннан кейін ғимаратты лингвистикалық орталық ету жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы