383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Жастарға арналған жобалар тиімді жүзеге асуы тиіс

  • 522
Сарапшы: Жастарға арналған жобалар тиімді жүзеге асуы тиіс

Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен орталықтар ресми түрде тіркеліп қана қоймай, тиімді жұмыс істеуі тиіс.

Статистикалық деректерге сүйенсек, былтыр жастар саясатын қолдауға 7 млрд теңге бөлінген. Биыл бұл қаржы көлемі ұлғаяды. Сол себепті олардың маңызды мәселелерін шешу керек. Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Серік Бейсембаев осындай пікірде. Оның айтуынша, институт мамандары халық арасында әлеуметтік сауалнама жүргізген. Оған екі мыңнан астам адам қатысқан. Нәтижесінде жастардың басым бөлігін жұмыспен қамту және тұрғын үй мәселесі алаңдататындығы белгілі болды. Сонымен қатар сауалнама жауап берушілер еліміздегі білім беру сапасының төмендігі мен ақылы бөлімдердің қымбаттығын атап өткен.

Серік Бейсембаев, ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы:

– Жастарды бөлек әлеуметтік топ ретінде қарастыратын болсақ, олар – ақпараттық кеңістік өзгеріп жатқан кезеңнің ұрпақтары. Олардың ақпаратты тұтынуы мүлдем бөлек, қоғаммен қарым-қатынасы мүлдем бөлек. Соған сәйкес жастар саясаты да жүзеге асуы тиіс. Бүгінгі жиынның нәтижесі сарапшылардың айтқан ұсыныстары ақпараттық талдау материалдар дайындайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы