387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда жер дауына қатысты жұмыс тобы құрылды   

  • 729
Павлодарда жер дауына қатысты жұмыс тобы құрылды   

Павлодар билігі «жерсіз қаламыз» деп дабыл қаққан кәсіпкерлердің мәселесін шешіп беруге уәде берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ кезінде газ тарату құрылғылары орналасқан учаскелерді жалға алған бизнесмендердің тығырыққа тірелуінің себебі нақты белгісіз. Қала әкімінің орынбасары Аян Бейсекин бұл жайт заң тұрғысындағы қарама-қайшылықтардың салдары деп қысқа қайырды. Себебі «Үй жанындағы дүкен» жобасын жүзеге асырумен бірнеше мемлекеттік мекеме айналысып, соңында сан соғып қалды. Нақты себебін білікті мамандардан құрылған жұмыс тобы шешпек.

Аян Бейсекин, қала әкімінің орынбасары:

– Мәселенің туындауына заң жүзіндегі қарама-қайшылықтар себеп. Жобаны жүзеге асыру, құжаттарды рәсімдеу шараларымен бірнеше мемлекеттік мекеме айналысқан. Нәтижесінде түсінбестік туындаған. Қазіргі уақытта нақты себебін айту әлі ерте, анықтап жатырмыз. Кәсіпкерлерді барынша қолдауға тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы