384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Үкіметтің отставкаға жіберілуі – дер кезінде қабылданған маңызды қадам

  • 612
  • UPD: 23:36, 21.02.2019

Үкіметтің отставкаға жіберілуіне қатысты Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшылары да пікірін білдірді.

Камилла Ковязинаның айтуынша, бұл дер кезінде қабылданған маңызды қадам. «Бүгінде Қазақстанның әлеуметтік саласында бірқатар проблема бар», – дейді ол.

Камилла Ковязина, ҚР Тұңғыш Президентінің қоры жанындағы ЭСИ сарапшысы:

– Елбасы әлеуметтік саланы дамыту үшін тиісті бағдарламалар қабылданып, мақсаттар айқындалғанын айтты. Бірақ оларды іске асыру тетіктері тиімсіз болып тұр. Жалпы халықтың өмір сапасын арттыру кез келген мемлекеттің негізгі көздегені болуы шарт.

Хабар 24 телеарнасы