427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі әскери шенділердің адалдығы детектормен тексеріледі

  • 1897
  • UPD: 09:14, 22.02.2019

Еліміздің қарулы күштері жемқорлыққа қарсы жаңа әдісті қолға алды. Қорғаныс министрлігі екі полиграф аппаратын сатып алған. Бұдан былай барлық әскери шенділердің қызметі өскен сайын шындық детекторы арқылы тест тапсырады.

Бір жылда жүзге жуық сарбаз осындай тексеруден өткен. Әскери полиция басқармасының мәліметінше, олардың тек 60 пайыза ғана сыннан сүрінбеген. Мамандардың айтуынша, полиграф құрылғысын алдау мүмкін емес. Өйткені ол адамның көңіл күйіндегі өзгерістерді мүлт жібермейді екен. Бір қызметкерді толық тексеру шамамен екі, үш сағатқа созылады.  Алматыда қорғаныс министрлігінің жылжымалы тобы жемқорлықпен күрес туралы заңды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Олар  қаладағы барлық әскери қызметкерлердің басын қосып, полиграф құрылғысының мүмкіндігін көрсетті.

Жомарт Битабаров, ҚР Қарулы күштері әскери полициясы басқармасының полиграф маманы:

- Қондырғыны алдау мүмкін емес. Жалпы мұның көрсеткіші 97-98 пайыз. Мөлшермен 5-6 датчик бар. Қосымша датчиктар бар, негізгі датчитктар бар. Кеуде, дене тынысы, қан қысымы, сосын саусақтарға киілетіні бар.

Хабар 24 телеарнасы