421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Соғыс кезіндегі тыл еңбеккерлерінің ресми мәртебесі артуы мүмкін

  • 1464
  • UPD: 08:29, 22.02.2019
Соғыс кезіндегі тыл еңбеккерлерінің ресми мәртебесі артуы мүмкін

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тылда еңбек еткендерге жасалатын жеңілдіктерді соғыс ардагерлерінікіне теңестірудің заңды жолдарын қарастыру керек.

«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының мүшелері осындай пікірде. Бұл мәселені олар партияның кезекті съезінде көтеруге ниетті. Бүгінде облыстағы ардагерлердің қатары 100-ге жетпейді. Ал тылда еңбек еткендердің саны 10 мың 500-дей ғана. Екі топтың мемлекеттен алатын жәрдемі екі түрлі. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы «Нұр Отан» партиясының мүшесі Ермек Келемсейіттің айтуынша, осы жағдай заңмен реттелсе дұрыс болмақ.

Ермек Келемсейіт, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

-  Көп мәселелердің бәрін партияға жүктеп жатыр ғой. Елбасы осы партияның төрағасы болғаннан кейін барлық саяси шешімдерді қабылдауда басқа уақыттарда ылғи осы мәселелерді ақылдасады. Мен ойлаймын, егер көтеріп қалған жағдай болатын болса, біз өзіміздің ұсынысымызды беруге дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы