426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда саяжай тұрғындарына су тасқынының қаупі түсіндірілді

  • 1454
  • UPD: 10:45, 22.02.2019
Оралда саяжай тұрғындарына су тасқынының қаупі түсіндірілді

Орал қаласының іргесіндегі саяжай аумақтарында 13 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Жайық, Шаған және Деркөз өзендерінің айналасында 75 бау-бақша шаруашылығы бар. Биыл аталған аймақта қар қалың екендігін ескерсек, алаңдауға негіз бар. Яғни күн күрт жылынып, қалың қар бірден еритін болса, тұрғындардың өміріне тасқын судан қауіп төнуі мүмкін.

Айта кету керек, күн сайын қаладан 20 мың текше метрдей қар шығарылады. Коммуналдық сала қызметкерлері тәулік бойы жұмыс тәртібіне көшкен. 92 шақырымнан астам арық жүйесі тазартылды. Дегенмен, алдын ала түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Сол себепті төтенше жағдайлар департаментінің мамандары газ қызметі, әкімдік және ерікті студент жастармен бірлесіп, саяжай тұрғындарына тасқын судан қауіп бар екендігін түсіндірді.

Бақтияр Катчеков, қалалық ТЖБ Бас маманы: 

- Енді жаңағы саяжай тұрғындары үшін судың алдын алу шарасы бойынша 20 мыңдай қапшық құм дайындалып, қазіргі таңда дайын тұр. Еріктілер енді агроколледжден келген студенттер бар. Где то 30 шақты адам, өздерінің көмектесіп өздерінің жұмыстарын атқарып жатыр.

Рустам Ғайсаұлы,  саяжай тұрғыны:    

- Су келіп қалған жағдайда ол енді сәуір айында болуы мүмкін. Құжаттарды алып, үйдегі жанұямды алып, менің ата-анам медколледжде тұрады, соларға барып тұра қоямыз.

Хабар 24 телеарнасы