424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңа жасақталатын үкімет халықпен тікелей байланыста болуы тиіс – Сарапшы

  • 1747
  • UPD: 13:54, 22.02.2019
Жаңа жасақталатын үкімет халықпен тікелей байланыста болуы тиіс – Сарапшы

Жаңа жасақталатын Үкіметтің құрамы халықпен тікелей байланыс орнатуы тиіс. Мемлекет басшысының Үкіметті отставкаға жіберу туралы шешіміне осы жағдай түрткі болған.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық зерттеу институтының бөлім басшысы Алуа Жолдыбалинаның пікірі осы. Айтуынша, 2017 жылы қабылданған конституциялық өзгеріс негізінде Үкіметке дербестік берілген болатын. Бірақ, бастапқы мақсат толығымен орындалды деуге келмейді. Енді мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, бюджетті саралау, басқа да әлеуметтік қолдауларды көрсету халықтың сұранысына қарай жүргізілетін болады.

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бөлім басшысы:

- Үкіметтің отставкаға кетуін тікелей елде болып жатқан жағдайға байланыстырып қарастырмау керек. Себебі кез келген үкімет өзіне қойған міндетті атқарғаннан кейін отставкаға кетеді. Бірақ алдағы үкіметтің құрамына өте көп міндеттер қойылды. Ол әлеуметтік қолдауды нығайту.

Хабар 24 телеарнасы