384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО тұрғындарының ХҚКО жұмысына көңілі толмайды

  • 485
  • UPD: 14:23, 22.02.2019
БҚО тұрғындарының ХҚКО жұмысына көңілі толмайды

Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы соңғы кезде батыс қазақстандықтардың көңілінен шықпай жүр. Өйткені мұнда ұзын сонар кезек жиілеп кеткен.

Ел-жұрттың әлеуметтік желідегі наразылығы бойынша арнайы тексеру жүргізген мемлекеттік қызмет істері департаменті орын алған олқылықтардың бар екенін және оның себептерін анықтады. Оның біріншісі соңғы жылдары көрсетілетін қызмет түрлерінің артуы.  Бүгінде емханаға тіркелу де, түрлі емдеу мекемелерінен анықтама алу да орталық арқылы жүзеге асады. Электронды сандық қолтаңба алушылардың қатары да артып келеді. Екінші себеп - маман тапшылығы. Қазір облыста 69, қалада 45 орын бос тұр. Мамандардың аталған мекемеде еңбек етуге құлшынбайтыны жалақы төмендігі. Сонымен қатар, орталыққа қызметке тұруға үміткерлерге қойылар талап та жоғары. 

Бауыржан Ибрашев, облыстық МҚІСЖҚІА департаментінің басқарма басшысы:

- Кадр тапшылығы мәселесін шешу бойынша арнайы жұмыстар жүргізілуде. Жеке агенттіктер бар. Соларға өтініш берілді. Сонымен қатар талаптар оңайлатылды. Бұрын тек жоғары білім болса, қазір арнайы орта білім керек. Сонымен қатар кәсіби іскерлік тәжрибесі, яғни еңбек өтілі бұрын 3 жыл болса, қазір оны алып тастады. Кез келген азамат ХҚКО қызметкері бола алады.

Хабар 24 телеарнасы