386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкіметтің отставкасы күтпеген оқиға емес – Сарапшы

  • 761
  • UPD: 15:08, 22.02.2019
Үкіметтің отставкасы күтпеген оқиға емес – Сарапшы

Қордаланып қалған әлеуметтік және экономикалық мәселер үкіметтің таратылуына әкелді. Оның ішінде Ішкі істер, білім мен ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің жұмысына айтылған сын да ескерусіз қалмады.

Сонымен қатар жаһанда болып жатқан экономикалық кикілжіңдер де елімізге жанама түрде кері әсер бергенін де назардан тыс қалдырмау керек. Дегенмен, соңғы 2 жарым жыл ішінде олқылықтармен қатар жетістіктердің де болғанын жасыруға әсте болмайды. Енді жаңа үкіметке экономикалық серпін берер талаптар қойылмақ. Мәселен, жұмыссыздық, баспана, жастарды қолдау аясындағы проблемалар басты назарға шығарылады. Тұңғыш Президент қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жәнібек Арыновтың пікірі осындай.

Жәнібек Арынов, ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы:

- Үкіметтің кешегі таратылуы күтпеген оқиға болады деуге келмейді. Өйткені бұған дейін де президент тарапынан, халықтың тарапынан кешегі үкіметтің жұмысына көптеген сыни көзқарастар айтылған болатын. Естеріңізде болса, 30-қаңтарда өткен кеңейтілген отырыс барысында президент тарапынан өте үлкен сын айтылды. Әлеуметтік-экономикалық мәселелердің жиналып қалғандығы айтылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы