386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде бірыңғай ветеринарлық бақылау жүйесін құру ұсынылды

  • 771
  • UPD: 15:37, 22.02.2019

Бұл Агроөнеркәсіптік кешен туралы заңнама аясында жүзеге асырылады. Ұсыныс «Ветеринарлық қауіпсіздік жағдай және оны заңнамалық қамтамасыз етілуі» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында талқыланды.

Жаңа жүйе бойынша ветеринарлық бақылау қызметін мемлекеттік кіріс комитетінің құзыретіне қайтару жоспарланған. Бұрын бақылау жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде болған. Мұндай өзгерістер мал дәрігерлерінің жұмысын реттеп, мал шаруашылығын дамытуға көмектеседі дейді депутаттар. «Бүгінгі таңда білікті мал дәрігерлерінің жетіспеушілігі – ветеринарлық, санитарлық жұмыстардың сапасына кері әсер етуде. Сондай-ақ мал дәрігерлерінің жалақысы төмен болғандықтан жас мамандар ауылды мекендерге бармайды» деді депутат Аңсар Мұсаханов. 

Аңсар Мұсаханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Әрбір ауылдық орталықта ветеринарлық қызмет үшін  бөлек ғимарат болып, әр ауылдық округте станциялар құру керек деп санаймыз. Жануарлар иелеріне мал ауруларының алдын алу бойынша міндеттерін орындау жұмыстарын күшейтіп, жауапкершіліктерін арттыру керек. Ең маңыздысы, ветеринария саласындағы ғылымды дамыту.

Хабар 24 телеарнасы