388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда көлік жылдамдығы уақытша шектелді

  • 846
  • UPD: 15:30, 22.02.2019
Ақтауда көлік жылдамдығы уақытша шектелді

Ақтаудағы 14 және 15 шағын аудандарда көлік жылдамдығы шектелді. Енді жылдамдықты сағатына 40 шақырымнан асырған жүргізуші әкімшілік жазаға тартылады. Аталған ықшам аудандар теңіз жағасына жақын салынған.

Кісі көп жүретін бұл жерлерде жаяу жүргіншіні басып кету дерегі жиі тіркеледі. Өзекті мәселе жерасты және жерүсті өтпе жол салумен шешілмек. Бұл жоба қала әкімдігінің қарауында жатыр. Құқыққорғаушылар осы жұмыс жүзеге асса, шектеудің алынып тасталатынын айтып отыр.  

Тілепберген Селбаев, облыстық ПД ӘПБ бөлім бастығы:

- 2018 жылы 89 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның ішінде 5 адам қаза тауып, 92 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған. Осы 2019 жылы 3 адам қайтыс болды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органға 2016, 2017, 2018 жылдары жерасты және жерүсті өтпе жолын салуға ұсыныс жолданды. Қазір сол ұсыныстар қаралуда. Салынатын болса, осы шектеулер алынып тасталады.

Хабар 24 телеарнасы