386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда тәрбиешіге қол көтерген балабақша директорына айыппұл салынды

  • 822
  • UPD: 15:38, 22.02.2019

Қол астындағы қызметкеріне қол көтерген жекеменшік бөбекжай директорына айыппұл салынды. Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты осы істі денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру деп танып, кінәлі тұлғаны 37 мың 875 теңге төлеуге міндеттеді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Еске салсақ, 15 ақпанда қызмет орынында басынан жараланған тәрбиеші туралы бейнетүсірілім әлеуметтік желіге таралған еді. Зәбір көруші балаларға тамақтың неліктен аз берілетінін басшыдан сұраған. Іскер әйел өз кезегінде жұдырық ала жүгіріп, оның басынан стақанмен ұрады. Директордың кінәсі сот сараптамасы және куәгерлердің жауабымен дәлелденді. Дау шыққан бөбекжай уақытша жұмысын тоқтатты.

Хабар 24 телеарнасы