417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да қардың қалыңдығы 80 сантиметрге жетті

  • 1893
  • UPD: 23:17, 22.02.2019
БҚО-да қардың қалыңдығы 80 сантиметрге жетті

Батыс Қазақстан облысында Орал-Ақсай бағытындағы автожолды қар басуына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жол бойындағы көліктер жолды аршығаннан кейін ғана сапарларын жалғастыруға мүмкіндік алды. Қазіргі таңда облыстық маңыздағы жолдарда 74 қар аршитын техника жұмыс жасап жатыр. «Дегенмен жаңа ғана тазартылған жолды қардың қайта басып қалуы жағдайды біраз қиындатып отыр», – дейді мамандар. Ақ ұлпаның қалыңдығы кей тұстарда 80 сантиметрге жеткен. Жалпы, аймақта қыс басталғалы қарлы боран мен бұрқасын, тұман мен көктайғақ жиі болып тұр. Жыл басынан бері 800-дей жолаушысы бар 400-ге тарта көлік қар құрсауынан құтқарылды.         

Бауыржан Айтмағамбетов, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

- Бүгінгі күнге Ақсай-Жымпиты, Ақсай-Шыңғырлау жолы қиындық туғызып отыр және Федоровка-Ақсай автожолы. Сонымен қатар Тасқала, Аққурай, Болашақ автожолында. Техникамызды кезекшілікте ұстап отырамыз, бәрін дайындап, боран басылған кезде қар тазалағыш техникаларымызды жібереміз.

Хабар 24 телеарнасы