419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да азық-түлік сапасы сын көтермейді

  • 1147
  • UPD: 23:16, 22.02.2019
СҚО-да азық-түлік сапасы сын көтермейді

Солтүстік Қазақстан облысында сапасыз азық-түлік сатылып келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны қаңтар айында арнайы тексеріс жүргізген Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қызметкерлері анықтады. Мамандар сауда сөрелерінен барлығы 250 сынама алған. Сараптама қорытындысы бойынша соның 45-і тиісті талапқа сай болмай шықты. Олар: сақтау мерзімі өтіп кеткен бұрыш, шоколад, кофе, ет және шұжық өнімдері. Азық-түлік көбіне ауылды жерлерде сатылған. Тіпті, бір дүкенде қаптамаға өзге малдың еті салынғаны анықталды.

Айнаш Сағындықова, облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бас маманы:

- Жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша, жоғарыдағы көрсетілген өнімдерді сатушыларға қатысты адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қаупі бойынша 4 ұйғарым берілді. Жалпы сомасы 151 мың 500 теңгеге әкімшілік құқық бұзушылық туралы 6 хаттама толтырылды.

Хабар 24 телеарнасы