384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда нан бағасы 120 теңгеге дейін жетті

  • 1142
  • UPD: 23:15, 22.02.2019
Петропавлда нан бағасы 120 теңгеге дейін жетті

Астықты аймақта тағы да нан қымбаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Петропавлда ас атасы бірден 15 процентке шарықтап шыға келді. Мысалы, халық көп тұтынатын «ерекше» сұрыпты нанның бір бөлкесі 91 теңгеден 105 теңгеге дейін қымбаттаған. Ал кейбір дүкендерде тіпті 120 теңгеден сатылады. Қалалық әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, оған бидай бағасы себеп болған. Биыл Солтүстік Қазақстан облысында астық қымбат. Бірақ әлеуметтік нан өзгерген жоқ. Бұрынғыша 61 теңге. Бірақ сатушылардың айтуынша, оны ешкім алмайды. «Бір сауда нүктесінде күніне 10-ақ бөлке өтуі мүмкін», – дейді олар.

Айта кетейік, облыста соңғы жарты жылда нан 3-рет қымбаттап отыр.

Евгения Сальникова, қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Бізде нан-тоқаш комбинаты нанның екі түрін шығарады. Біріншісі – қалалық. Ол 61 теңге тұрады. Және екіншісі – «ерекше петропавлдық». Ол әлеуметтік маңызы бар өнімге жатпайды.

Хабар 24 телеарнасы