382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық дәрігерлер АҚШ-қа тәжірибе алмасуға барды

  • 692
  • UPD: 23:14, 22.02.2019

Делегация Хьюстон мен Бостон және Нью-Йорктегі ірі медициналық пен ғылыми орталықтарда болып, әлемдік тәжірибелермен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. 

Астанада Ұлттық онкологиялық орталығын құру үшін стратегиялық серіктес қажет. Елжан Біртановтың АҚШ-қа сапарының басты мақсаты осы. Онкологиялық аурулармен күрес бойынша кешенді жоспары аясында Мемлекет басшысы осындай тапсырма берген еді.  Қазақстандық делегация АҚШ-тың алдыңғы қатарлы ауруханаларын аралап, тәжірибелерін зерттеді. Бұл клиникалар онкологиядағы ғылыми зерттеулер мен технологиялар бойынша әлемде көш бастап тұр.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушы:

- Ең белгілі Америкадағы дүниежүзілік ғылыми онкологиялық орталықтар, MD Anderson, Memorial Sloan деген орталықтар осы біздің жоба бойынша стратегиялық серіктес болуға дайын болып, өз пікірлерін айтты. Біздің дәрігерлеріміздің білімін көтеру, оқыту осы жерде, сонымен қатар технологияларды Қазақстанға тарту. Ол тек онкология саласы емес, ол генетикалық технологиялар, ақпараттық жүйелер, осыған байланысты бірнеше халықаралық деңгейдегі ең үлкен компаниялармен кездесу өтті.

БҰҰ-дағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінде өткен кездесуде алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту мәселесі талқыланды. Осыдан 40 жыл бұрын Алматыда қабылданған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының декларациясы осы күнге дейін өз жемісін беріп келді. Халықаралық құжатты денсаулық сақтау саласының ұлы хартиясы деп те атаған. Елжан Біртановтың айтуынша, Алматы декларациясы тіпті дүниежүзінің медициналық орталықтарының оқыту бағдарламасына енген.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушы:

- Өткен жылдағы Астана қаласында алғашқы медициналық көмек бойынша жаһандық конференцияда бекітілген тарихи Астана декларациясының принциптерін жеткізу, біз бүгін басқа мемлекеттердің өкілдерімен келісіп, осы жылда қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясында осы мәселені көтереміз.

Қазақстандық делегация БҰҰ Бас ассамблеясы алғашқы медициналық санитарлық көмекті дамытуда Астана декларациясының қағидаттарын ұстанады деген сенімде.

Авторлары: Майра Әбдірахманова, Ренат Садыров

Хабар 24 телеарнасы