386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында 14 мыңнан астам көпбалалы отбасы тұрады

  • 838
  • UPD: 23:14, 22.02.2019

Қазір оларды әлеуметтік жағынан барынша қамтамасыз ету қарастырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін аймақ басшысы Мәлік Мырзалин халық алдында есеп беру барысында мәлімдеді. Әкімнің айтуынша, 2018 жылы көпбалалы отбасыларға 1,8 млрд теңге жәрдемақы төленген. Ал биыл бұл көрсеткіш жоспар бойынша 2 млрд-қа жетеді. Алайда бұл цифр өзгеруі мүмкін. Себебі, қазір аймақта көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша құрылған арнайы жұмыс тобы зерттеу жүргізуде. Оның бүгінгі күнге дейінгі нәтижесі бойынша 586 отбасы тұрғын-үй жайы қиын жағдайда екені анықталған. Ал одан бөлек әкімдікке көпбалалы аналардан әлеуметтік желілер арқылы 400-ден астам шағым келіп түскен. Бұл тұста қоғам белсенділері де едәуір үлес қосып отыр. Олар жақында «Асыл аналар» атты облыстық көпбалалы аналар қауымдастығын құрып, мұқтаж отбасыларды іздестіруде.  

Анаргүл Мұхамедрахымова, қала тұрғыны:

- Біз өзіміз әлеуметтік желілер арқылы көмекке аса мұқтаж аналардың тізімін жинақтадық. Олардың арыз-шағымын жинап, тиісті органдарға тапсырдық. Мен өзім де 5 баланың анасымын. Сұрайын дегенім, біз көтерген мәселелер бойынша қазір қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

Мәлік Мырзалин, облыс әкімі:

- Қазір біз көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға мектепте тегін тамақ беру, олардың балабақша ақысын төлеу, батыр аналарды және аз қамтылған отбасы мүшелерін қоғамдық көлікте тегін жүру, бір реттік жәрдемақы төлеу, сондай-ақ қыста отын-көмірмен қамтамасыз ету, сауықтыру орталықтарына жолдама беру секілді жеңілдіктерді қарастырып жатырмыз. Ал бұл көмектерді жасау үшін облыстық бюджет қайта қаралады.

Хабар 24 телеарнасы