389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында көпбалалы отбасыларға 10 жатақхана салынады

  • 760
  • UPD: 23:13, 22.02.2019

Жамбыл облысында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға бюджеттен 30 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қаражат жағдайы төмен отбасыларды әлеуметтік қолдауға бағытталмақ. Бұл жөнінде аймақ басшысы халық алдындағы есеп беру жиынында мәлімдеді. Мемлекеттен осы санатқа жататын отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтуға 2 миллиард, мектеп формасына 500 миллион теңге қарастырылады. Сондай-ақ 7500 отбасының коммуналдық төлемдеріне тағы 500 миллион теңге жұмсалмақ. Осы отбасыларда тәрбие алып жатқан 6200 оқушы мемлекет есебінен колледждерде тегін оқытылады. Ал олардың тамақтануы мен шәкіртақысына 1,7 миллиард теңге бөлу жоспарда. Облыста жағдайы төмен көпбалалы отбасылардың 70 пайызы ауылды жерлерде тұратындықтан, оларға демеушілердің есебінен қайтарымсыз мал үлестірілмек.

Асқар Мырзахметов, облыс әкімі:

- Жалпы 10 жатақхана осы көпбалалы отбасылар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларға берілетін болады. Оның үшеуі бір-бір жатақханадан Жаңатас, Қаратау, Шу қалаларында. Ол жерде тұрғын кезегінде тұрған 397 отбасы бар. Соның баспанаға зәруі – 340. Солардың бәрі толығымен осы жатақханамен қамтамасыз етілгелі отыр. Жетеуі Тараз қаласында, оның үшеуі биыл шешіледі. Төртеуінің құрылысын биыл бастағалы отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы