426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде «Жасыл елдің» жаңа фронт-кеңсесі ашылды

  • 1447
  • UPD: 23:13, 22.02.2019
Ақтөбеде «Жасыл елдің» жаңа фронт-кеңсесі ашылды

Бұл – маусымдық табыс көзін табам деушілер үшін жасалған жағдай.

Айта кету керек, 2005 жылдан бері Ақтөбеде 50 мыңнан астам сарбаз «Жасыл ел» қатарында болған, деп хабарлайды «Хабар 24». 10 мың тоннадан астам қоқыс шығарылып, 900 мыңға жуық тал егілді. Биыл студенттік жасақтарға 6 мыңға жуық азаматты тарту көзделген. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 300 миллион теңге бөлінді. Жергілікті студенттердің «Жасыл елге» жақын болуы үшін фронт-кеңсе өңірлік университет жанынан құрылған. Болашақта мұндай бөлімшелер барлық оқу орындарында ашылады. Сәйкесінше құрылыс пен абаттандыру жұмыстарындағы сарбаздар саны да артады.

Нұрлыбек Мусин, студенттік жасақтардың ақтөбе облыстық штабының төрағасы:

- Бұл бізге үлкен мүмкіндік, біздің облыстық штабқа көмек. Қазіргі таңда жастарымыз осы жерге келіп, әр оқу орны өздерінің студенттерін осы жерден қабылдап, құжаттарын осы жерден дайындап, біздің облыстық штабқа алып келетін болады.

Хабар 24 телеарнасы