389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығы атап өтілді

  • 1252
Семейде «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығы атап өтілді

Семейде қазақ басылымдарының қара шаңырағы «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығы тойланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салтанатты шара аясында түркі академиясы халықаралық ұйымының президенті Дархан Қыдырәлі өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінде болды. Сондай-ақ Шәкәрім университеті базасында құрылған ағартушылар клубы мүшелерімен кездесті. Мұнан соң Семей педагогикалық колледжінде Әмір Наджип кабинетінің ашылуына қатысты. Есімі түркі әлеміне танымал ғалым осы жерде оқыған. Республикалық газеттің басқарма төрағасы колледж ұжымына төрт томдық түркі тілдері сөздігін сыйлады. Бұған дейін білім ордасында Әмір Наджиптің туғанына 120 жыл толуына орай ескерткіш тақта орнатылған болатын. 

Дархан Қыдырәлі, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы:

– Семей қаласында алаш қайраткерлерінің көбісінің ізі қалған. Соның бірі – Әмір Нәжіп. Ол – әлемге әйгілі түрколог. Мұқтар Әуезовпен қатар оқыған. Осы жерде білім алып, кейін өзбек елінде және Мәскеуде қызметтер атқарған. Біздің түркология тарихындағы жарық жұлдыздың бірі. Орта ғасырлардағы Алтын орда тарихын зерттеген. Сөздіктер шығарған. Сондықтан биыл 125 жыл толып отырған ағамыздың кітаптарын әкеліп аудитория ашып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы