389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сырбойылықтар «Нұр Отан» партиясының 18-съезінен үлкен үміт күтеді

  • 1011
Сырбойылықтар «Нұр Отан» партиясының 18-съезінен үлкен үміт күтеді

Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін арттыру механизмдері жан-жақты сараланатын «Нұр Отан» партиясының 18-съезінен сырбойылықтар үлкен үміт күтіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрылғанына 20 жыл толған саяси құрылым жиынында отандық экономиканы ынталандыру және стратегиялық мақсаттарды жүзеге асырудағы тиімді қадамдар айтылмақ. Ішкі партиялық жұмысты жаңғыртып, сандық жүйеге ауысқан жаңашыл «Нұр Отанның» съезіне өңірден қатысатын 60 делегаттың қатарында Аида Әбибуллаева да бар. Ол аймақтағы партиялық бақылау комиссиясының төрайымы ретінде ана мен бала мәселесіне айырықша нараз аудару керектігін айтады.

Аида Әбибуллаева, «Нұр Отан» партиясы АФ партиялық бақылау комиссиясының төрайымы:

– Алдағы съезде саяси-әлеуметтік тұрақтылыққа, білім берудің жаңа деңгейге көшуіне және жұмыс істеуде цифрлық форматқа көшуге бағытталған нақты шара, нақты жұмыстар, мәнді құжаттардың қабылдануын күтудеміз. Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеу, оны қалыптастыру, ең негізгісі ана мен баланың қорғалу мәселесіне орасан зор көңіл бөлініп, нақты шаралар қолдану жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы