430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде ең арзан баспана қызылордалықтарға ұсынылып отыр

  • 1437
  • UPD: 15:08, 24.02.2019

Қызылорда облысында 28 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сырбойылықтарды баспанамен қамту үшін өткен жылы аймақта 70 тұрғын үйдің құрылысы басталып, жыл қорытындысымен оның 56-сы пайдалануға берілді. Қазіргі таңда Сырдария өзенінің сол жағалауында 830 пәтерлік 17 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Алғашқы 4 үйге тұрғындар бірінші жартыжылдықта қоныстанады деп жоспарланып отыр. Республика бойынша ең арзан баспана қызылордалықтарға ұсынылып отыр. Жаңа үйлердің шаршы метрі 120 мың теңге шамасында, ал жалпы құны 15 млн теңгеден аспайды. Сыр өңіріндегі әрбір отбасы баспаналы болу үшін «7-20-25» бағдарламасынан бөлек өңірлік «Орда» жол картасы жүзеге асырылуда.

Мұхамедиса Әлсеріков, облыстық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы:

- «Орда» бағдарламасының тиімділігі – алғашқы жарна болмайтындығында. Кепілдік жарна – 500 мың тг. «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкі арқылы 19 жылға рәсімделеді. 2 бөлмелі үйдің құны – 7 млн тг, айына 35 мың тг төлейді. 3 бөлмелі пәтер құны – 9 млн тг, айына 44 мың тг төлеп тұруға мүмкіндік болады. Бұл жерде жеңілдік халық түбінде тұрғын үйді жеке меншігіне сатып алады.

Хабар 24 телеарнасы