425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да жас кәсіпкерлердің 150 жобасы қаржылай ынталандыруға ие болған

  • 1360
  • UPD: 15:08, 24.02.2019
ШҚО-да жас кәсіпкерлердің 150 жобасы қаржылай ынталандыруға ие болған МИА «Казинформ

Шығысқазақстандық кәсіпке бейім жастар өз мүмкіндіктерін паш етіп, жоспарларымен таныстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бүгінде көбінесе заман талабына сай, сұранысқа ие дүниелерді жасап шығаруда. Ұтымды идеяларға арналған алғашқы капиталды белсенділер өткен жылы Zhas project бағдарламасы бойынша ұтып алып, 1 милллион теңге иеленген. Енді соның жемісін үлгі ретінде көпшілік назарына ұсынды. Жалпы, өңірде 150 жоба осындай қаржылай ынталандыруға ие болған. Олардың арасында безендіру, жиһаз құрастыру, тіпті, отандық шырын өндіру бағытындағы жобалар бар.

Равиль Юнусов, жобаға қатысушы:

- 20- ге жуық жоба бар, яғни осынша жас азамат жеке кәсіппен айналыса алады, бұл іскерлікке деген үлкен серпілісті білдіреді. Идеялар осы жерде айтылып қалып қоймай, ары қарай жалғасын тапса болғаны.

Хабар 24 телеарнасы