378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейлік оқушылар әскери өмірге саяхат жасады

  • 617
  • UPD: 15:09, 24.02.2019
Семейлік оқушылар әскери өмірге саяхат жасады

Семейдің мектеп бітіруші түлектері әскери өмірмен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жасөспірім бойында Отан қорғаушыларға деген құрмет пен қызығушылықты арттыру мақсатында танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – талапкерлерді әскери жоғары оқу орындарына шақыру. Өрендер қару-жарақ пен техника қойылған ашық аспан астындағы музейді аралады. Қарудың ондаған түрі мен сарбаздардың қорғаныс қалқандарын қолға ұстап көрді. Отансүйгіштікке тәрбиелейтін шараның өтуіне «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы және қорғаныс істері жөніндегі басқарма мен білім бөлімі ұйытқы болды. Қаладағы 50 мектептің жоғары сынып оқушылары қатысқан осындай ауқымды насихат жұмысы алғаш рет өткізіліп отыр. 

Нұрбұлан Несіптаев, оқушы:

- Мұндай іс-шаралар көп өтуі керек. Бұл бізге, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа Отанымызды қорғауға, патриотизмге баулитын бірден-бір керек зат.

Ердос Қайыртай, оқушы:

- Мен кішкентай кезімнен бастап әскери оқуға түсуді армандадым. Алғашқы әскери дайындық сабағында бізге көптеген оқуға қажетті нәрселерді үйретті. Және де мен Алматы қаласындағы Шекара академиясына түскелі отырмын.

Хабар 24 телеарнасы