389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық меценат Ресейдегі қазақстандық студенттерге стипендия бөлмек

  • 940
  • UPD: 21:57, 24.02.2019
Отандық меценат Ресейдегі қазақстандық студенттерге стипендия бөлмек

Қазақстандық меценат Оралбек Ботбай Ресейдегі қазақстандық студенттерге стипендия бөледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл үшін арнайы байқау өткізіп, лайықты жастарды анықтайды. Айта кетерлігі, байқау биыл ғана ұйымдастырылып отырған жоқ. «Қазақстандағы жастар жылына» арналған кезекті шараға Ресейдегі қазақтар да қатысты. Іріктеу сайысын Ресейдегі Қазақстан елшілігінің қолдауымен «Жас Тұлпар» қазақстандық жастар бірлестігінің еріктілері өткізді. Финалға Ресейдің әр қаласында оқып жатқан 20 үміткер қатысып, нәтижесінде ақтық сынға өткен 11 студент бір жыл бойы стипендия алатын болды. Мақсат – кейінгі буынның оқу, ғылымдағы белсенділігін арттыру. 

Оралбек Ботбай, меценат:

– Астана қаласында Гумилев атындағы университетінің 15 студентіне, Туран колледжінің 12 студентіне, ауылшаруашылық университетінің студенттеріне өз қаражатымнан шәкіртақы дайындап келдім. Енді Мәскеу қаласында жалғасын тауып жатыр. Біздің жастарымыз патриот болып, еліміздің өсіп-өнуіне үлесін қосуы тиіс.

Нұрсұлтан Наурызбаев, самаралық студент:

– Этникалық қазақтар байқауға биыл алғаш рет қатысып отыр. Қолдауды Қазақстаннан келген студенттер ғана емес, біз де сезініп жатырмыз. Тарихи отанымыздың бізді қолдап жатқанына қуаныштымыз.

Хабар 24 телеарнасы