384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Медициналық туризмді дамытуға жыл сайын 1 млрд теңге бөлінеді

  • 585
  • UPD: 10:25, 25.02.2019
Медициналық туризмді дамытуға жыл сайын 1 млрд теңге бөлінеді

Елімізде медициналық туризмді дамытуға жыл сайын 1 млрд теңге бөлінеді. Отандық клиникаларда 32 мыңға дейін туристі қабылдау мақсаты қойылған.

Айта кетерлігі, өткен жылы елде 2 мың 500-ге жуық шетел азаматы ем алды. Олардың дені ТМД елдерінен. Жалпы Қазақстанда JCI  халықаралық сапа стандарты бойынша аккредиттелген 7 ұйым бар. Елімізде озық технология мен соңғы үлгідегі медициналық жабдықтар жеткілікті. Мамандардың айтуынша, білікті дәрігерлер де аз емес әрі біздегі медициналық қызметтер басқа елдермен салыстырғанда арзанырақ. Тек ақпараттандыру жағы ақсап тұр.

Хабар 24 телеарнасы