430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда тәртіп сақшылары қан тапсырды

  • 1703
  • UPD: 23:25, 25.02.2019
Павлодарда тәртіп сақшылары қан тапсырды mediaovd.kz

Павлодарлық 100 тәртіп сақшысы арнайы акцияға қатысып, қан тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар мұқтаж жандарға көмек көрсетуді азаматтық парызымыз деп біледі. Полицейлерден жиналған қан жергілікті емдеу мекемелеріне жіберіледі.

Атап өтерлігі, күніне кем дегенде 5 адамға қан құйылады екен. Құқық қорғаушылар бұл бастаманы Жастар жылына арнап отыр. 

Жанна Билялова, облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі:

- Мен мұны донорларға жасалған құрмет дер едім. Өзіміз осындай акцияларға жыл бойы қатысамыз. Қызыл жарты ай және Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан түскен ұсыныстарды аяқсыз қалдырмаймыз. Жас полицейлер азаматтық танытып, көпке үлгі болып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы