387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде салық берешегін Smart Сity арқылы білуге болады

  • 506
  • UPD: 23:24, 25.02.2019
Елімізде салық берешегін Smart Сity арқылы білуге болады

Енді ел азаматтары салық берешегі жөніндегі мәліметті Smart Сity мобильді қосымшасы арқылы да біле алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін кез келген ұялы телефонның көмегіне жүгініп, жеке сәйкестендіру нөмірін енгізсеңіз болғаны. Алдағы уақытта осы қосымшаға салық төлемдерін алдын ала хабарлау және төлеу секілді қызметтер қосылмақ. Бұл жөнінде арнамызға берген сұхбатында қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев мәлімдеді. Жоба әзірге Астана, Талдықорған, Қостанай, Орал, Ақсай қалалары және Шығыс Қазақстан облысында жүзеге асады. Кейіннен бұл тізімге Тараз, Ақтау мен Қызылорда қаласын қосу жоспары бар. Сондай-ақ жақын күндері ІТ-компаниялармен бірлесіп «алкогольді өнімдердің акцизді маркалары жөніндегі мәліметтер», «Салықтық аударымдар», «Банкрот деп танылған салық төлеушілер» және «Тіркелген жеке кәсіпкерлер тізімі» секілді қызметтерді тегін ұсыну көзделген.

Руслан Еңсебаев, ҚР Қаржы вице-министрі:

- Бүгінде салық бойынша мәліметтерді «Электронды үкімет» порталы арқылы, Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан білуге болады. Бірақ мұндай қызметтің бар екенін кейбір азаматтар біле бермейді. Ал Smart Astana сияқты қосымшалардың аудиториясы қалыптасқан, қолданушылар саны көп. Мысалы, Smart Astana қосымшасын 200 мыңға жуық адам жүктеп алған. Біз барлық жүйелерді Open API форматына көшіру маңызды болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы