378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы дайын

  • 1081
  • UPD: 23:24, 25.02.2019
«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы дайын

Жақында Үкіметте талқыланып, Парламент палаталарында қаралады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжат 6 тарау мен 21 баптан тұрады. Алқашқысы – кіріспе бөлім. Екіншісінде педагог мәртебесі айқындалған. Үшінші тарауда – педагогтың құқықтары, төртіншісінде міндеттері жазылған. Бесінші тарау – педагогтың біліктілігін арттыруға, оны қайта даярлауға арналады. Ал соңғысы – қорытынды бөлім. Құжат еш өзгеріссіз қабылданып жатса, педагогтарға жергілікті атқаршы органдар тарапынан баспана беріледі. Жалақылары біршама өседі. Дәптер тексергендері үшін қазіргіден екі есе қосымша ақша төленеді. Ауылдағы мұғалімдерге коммуналдық шығындарын өтеу үшін берілетін төлем көлемі де ұлғайтылады. Ең бастысы, мұғалімдер сенбілік, сайлауалды дайындық сынды жұмыстарға мүлдем қатыспайды. Бұл заңмен бекітілмек.

Егер педагогты кәсіби қызметіне қатысы жоқ шаруаларға жегіп, заңды бұзса, лауазымды тұлғаға айыппұл салынады. Бірден айтайық, мұның бәрі әзірге заң жобасындағы ережелер.

Хабар 24 телеарнасы