420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Педагог мәртебесін арттыру үшін 40 мыңнан астам ұсыныс келіп түскен

  • 1563
  • UPD: 23:24, 25.02.2019
Педагог мәртебесін арттыру үшін 40 мыңнан астам ұсыныс келіп түскен

Педагог мәртебесін арттыру үшін ел бойынша ұстаздар қауымынан бүгінде 40 мыңнан астам ұсыныс келіп түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде 30 жыл жұмыс өтілі бар педагогтардың уақытынан бұрын зейнетке шығу құқығы, тұрғын үйді сатып алудағы бастапқы жарнасыз несие, жыл сайынғы еңбек демалысына тиесілі 2 лауазымдық жалақы көлеміндегі сауықтыру жәрдемақысы, ғылыми атақтар мен дәрежелер үшін қосымша үстемақы мен әлеуметтік кепілдіктерге қатысты ұсыныс-тілектер бар. Сосын сала мамандары мектепті үздік бітірген озат оқушыларды білім беру саласына тарту жүйелерін жетілдіру керек деген пайымда.

Айгүл Мұқашева, Қазақстан салалық БҒҚ кәсіподақ төрағасының орынбасары:

- Ұстаздардың жалақысы республика бойынша орташа жалақыдан 40 пайызға төмен. Орташа алғанда 102 мың тг көлемінде деп есептелініп тұр. Сондықтан заң жобасында осы алдыңғы нұсқасында біз тағы да бір норманы қостық. Ол норма өтпей қалды. Өңірлерде жұмыс жасайтын ұстаздардың жалақысы сол өңірдің орташа жалақысынан төмен болмасын деген.

Хабар 24 телеарнасы