389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдық кәсіпкер көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады

  • 987
  • UPD: 23:23, 25.02.2019
Оралдық кәсіпкер көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады

Батыс Қазақстан облысында «Мейірімді көктем» қайырымдылық шарасы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мақсат – мұқтаж жандарға қолдау көрсету. Акция аясында өңірдегі кәсіпкерлер мен мекеме-ұйымдар қамқорлыққа зәру отбасыларға жәрдемдеседі. Мәселен, оралдық кәсіпкер өздері салған көпқабатты жаңа үйден 7 бала тәрбиелеп отырған Бүркітовтер отбасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады. Бұл отбасы 16 жыл бойы пәтер жалдап келген. Үйде отағасы ғана жұмыс істейді. Балаларының алды 10 сыныпта оқиды, кенжесі небәрі 2 жаста. Қаланың қақ ортасындағы бұл көпқабатты үй мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында салынған. 

Манар Бүркітова, «Алтын алқа» иегері:

- Бір  қиындықтың артында жақсылық бар дейді ғой, осындай үлкен сый жасап жатыр. Халқымыздың, еліміздің тірегі бала, болашағы да бала. Қазақстанның тыныштығы да балада! 

Тимур Әмин, кәсіпкер:

- Бір жұма бұрын осы үйді ресми түрде тапсырдық. Бүгін көпбалалы анаға 90 шаршы метр пәтер тапсырып жатырмыз. Бұл кісі әкімдікке барған сияқты. Әкімдіктен бізге ұсыныс. Мен «бізде біз 3 бөлмелі пәтер бар, соны берейік» дедім. Бүгін соның сәті келіп тұр.

Хабар 24 телеарнасы