405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмолалық жастарға қайтарымсыз грант беріледі

  • 1583
  • UPD: 23:23, 25.02.2019
Ақмолалық жастарға қайтарымсыз грант беріледі

Жұмыссыз жастардың бизнес идеяларын қолдауға бағытталған Zhas Project жобасы Ақмола облысына да жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жоба арқылы аймақ жастары өздерінің әлеуметтік-бизнес бастамаларын ұсынып, Халықаралық қайта құру және даму банкінен 1 млн теңге қайтарымсыз грант жеңіп ала алады. Оған қоса жобаны ұсынушының серіктестеріне, дұрысы, жұмысшыларына ай сайын 40 мыңнан 60 мың теңгеге дейін шәкіртақы төленеді. «Бағдарлама әсіресе ауыл жастарына жетсе», – дейді жастар корпусын дамыту жобасының өкілдері. Себебі, бұл үлкен қолдау болар еді. Мәселен, осыған дейін басқа облыстарда 70-тен 250-ге дейін грант бөлінсе, биыл жоспар бойынша 4 облыс және Алматы мен Астана қалаларында бас-аяғы 1 мыңнан астам жас кәсіпкерге қаржылай көмек көрсету жоспарланған. Ұсыныстарды қабылдау 15 наурызда басталады.

Алена Баянбекова, жобаның үйлестіру агенттігі жетекшісінің орынбасары:

- Жоба қатысушылары 14 пен 29 жас аралығындағы жастар болуы тиіс. Бірақ мектеп оқушылары қатыса алмайды. Ал ұсынылатын жобаларға ешқандай шектеу жоқ. Тек халыққа әлеуметтік жағынан пайдалы болуы қажет. Себебі, грантты жеңіп алған адам жарты жыл бойы тұрғындарға тегін қызмет көрсетуі керек.

Хабар 24 телеарнасы