405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенаторлар әскери техника шығаратын зауыттарды аралады

  • 1602
  • UPD: 23:21, 25.02.2019

Сенаторлар Астана іргесіндегі әскери техникалар жасайтын өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева мен комитет мүшелері алдымен «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» кәсіпорнында болды. Бұл зауыт броньды машиналар шығарады. Орталық Азияда алғаш рет жүзеге асырылған бұл жоба қорғаныс және машина жасау индустриясына сапалы серпіліс әкелетін кәсіпорын құруға мүмкіндік береді. Зауыт жылына 120 техника шығарады. Сенаторлар «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» компаниясында да болды. Кәсіпорын барлау аспаптары мен байланыс құралдарын шығарады. Бүгінде өнімдерін шетелге экспорттап отыр. Қазір қазақстандық өнімді Түркия мен Өзбекстан сатып алып жүр, болашақта ТМД елдерінің нарығына шығу жоспары бар.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Менің ойымша, бұл – біздің машина құрастыру, соның ішінде қорғаныс саласын дамыту үшін үлкен серпіліс. Мұндай өндіріс бұрын Қазақстанда болған жоқ. Сондықтан қазір нәтиже туралы айтуға ерте. Өндіріс өнімдерін экспортқа шығару үшін алдымен компания толық қуатта жұмыс істеп, нарықта ойып тұрып орын алуы керек.

Хабар 24 телеарнасы