424.28 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстаулық іскер азаматтар 126 мың адамға табыс көзін ұсынған

  • 1379
  • UPD: 07:14, 26.02.2019
Маңғыстаулық іскер азаматтар 126 мың адамға табыс көзін ұсынған

Маңғыстау облысында 51 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік нысаны тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 8,7 процентке артық көрсеткіш. Жеке кәсіп ашқандар кем дегенде екі тұрғынға тұрақты жалақы төлеп отыр. Былтырғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша іскер азаматтар 126 мың адамға табыс көзін ұсынған. Сондай-ақ жекеменшік мекеме-кәсіпорындар жалпы құны 792 млрд теңгенің өнімін шығарды. Оның ішінде 88 жоба «Бизнестің жол картасымен» қаржыланған. Соның нәтижесінде 456 жаңа жұмыс орны құрылып отыр. Ал «Еңбек» жобасының аясында 425 кәсіпкерге 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл өз кезегінде 569 жұмыссыздың қызметке тұруына жол ашты. Тағы 60 бизнес бастамаға бар-жоғы бір пайызбен несие берілді.

Алмагүл Сламғазиева, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының бөлім басшысы:

– 2018 жылдан бастап «Даму» қоры және әкімдік бірлесіп «Нұр Капитал» өңірлік қолдау бағдарламасын ашты. 200 жоба мақұлданып, екінші деңгейлі банктерге қарауға жолданды. 1 млрд 200 млн теңгеге 60 жоба мақұлданып, нәтижесінде 544 жұмыс орны құрылды.

Хабар 24 телеарнасы