384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында алимент төлемегендер көліктерінен айырылады

  • 478
  • UPD: 15:18, 26.02.2019
Павлодар облысында алимент төлемегендер көліктерінен айырылады shymkenttv.kz

Павлодар облысының сот орындаушылары алимент төлеуден жалтарып жүргендерге қарсы күресті күшейтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы апта ішінде олар он борышкердің автокөлігін айыппұл тұрағына апарып қойған. Нәтижесінде біреуі 520 мың теңге алимет қарызын бірден өтепті. Екінші ер адам машинасын бұрыңғы жұбайының атына жазып, құтылған. Жалпы Павлодар облысында перзент алдындағы парызын өтеуден қашып жүрген ата-аналардың саны 11 мыңға жуық. Алимент қарызы 7 миллион теңге. Енді міндеттен жалтарып жүрген борышкерлердің бәрі жаяу қалуы мүмкін.

Медет Қайырбеков, облыстық ПД ЖПҚ инспекторы:

- Сол автокөліктерді ұстап, айыппұл тұрағына қою үшін қазір тексеру рейдтерін жүргізіп жатырмыз. Бізде иелерінің алимент қарызы бар 40 шақты машинаға іздеу жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы