423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада жаңа үлгідегі мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мәселесі қаралды

  • 979
  • UPD: 15:15, 26.02.2019

Мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіріп, оның сапасын көтеру қажет.

Осы арқылы тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасалуы тиіс. Бүгін осы мәселелер «Жаңа үлгідегі мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру» тақырыбына арналған панельдік сессияда қаралды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтің айтуынша, ұлттық бюрода 250-ге жуық басшылық қызметі қысқартылған. Бұдан бөлек, артық құрылымдар оңтайландырылып, қаржы үнемделді. Нәтижесінде қызметкерлердің жалақысы өскен. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру жолдарын талқылаған жиынға Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарынан 150-ге жуық адам қатысты. 

Майра Айсина ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Съезде не талқылаймыз? Өдеріңіз білесіздер, жаңа Үкімет құрылып жатыр. Үкімет ашық болу керек. Заң жағынан бәрі қамтылған. Дегенмен іске келгенде кабинеттеріміз жабық тұрады. Бұлай болмау керек. Үкімет халық үшін жұмыс істеу керек. Халыққа қабылдап жатқан құжаттарын жеткізу қажет.

Хабар 24 телеарнасы