389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада «Нұр Отан» партиясының бағдарламасына енуі тиіс ұсыныстар талқыланды

  • 712
  • UPD: 16:10, 26.02.2019
Астанада «Нұр Отан» партиясының бағдарламасына енуі тиіс ұсыныстар талқыланды

«Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарлмасы экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған.

Маңызды құжат ертең бас партияның кезекті съезінде талқыға салынады. Министрлік өкілдері мен мәжіліс депутаттары осы құжатқа енуі тиіс ұсыныстарын ортаға салды. Жиынға 200-ге жуық адам қатысты. Арасында бірнеше өңірден келген партия делегаттары да  бар. Олар шағын және ота бизнесті дамыту мәселесін тілге тиек етті. Мақсат алдағы 10 жылда халықтың тұрмысын тіктеп, әл-ауқатын арттыру.

Альберт Рау, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жаңа бағдарлама 10 бағытты қамтиды. Бастысы - экономиканы дамыту. Қазір әлемде сауда соғысы өқршіп тұр, текетірес көп. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін жедел әрекет етуіміз керек. Әуелі өңдеу өнеркәсібін дамытуымыз қажет. Сол кезде елдің жағдайын жақсартуға да болады.

Хабар 24 телеарнасы