389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұр Отан» партиясының бағдарламасы аурудың алдын алу жобасын дамытуға мүмкіндік береді

  • 626
  • UPD: 16:37, 26.02.2019
«Нұр Отан» партиясының бағдарламасы аурудың алдын алу жобасын дамытуға мүмкіндік береді

Әрбір адам өз денсаулығына деген жауапкершілікті ұғынғаны абзал. Халықтың сана-сезіміне осындай түсінікті ұялату арқылы ғана дені сау ұлтты қалыптастыруға мүмкіндік туады. Алматы қалалық Кардиологиялық орталықтың директоры Алмат Қодасбаев осылай дейді.

«Елбасының идеялары төңірегінде азаматтарды біріктіру» тақырыбындағы панельдік сессияға қатысқан маман бүгінде халық арасында денсаулық үшін дәрігерлер ғана күресуі керек деген түсініктің қалыптасқандығын айтады. Осы ретте он жылдықтың он мақсатын айғақтаған бағдарлама салауатты өмір салтын жүргізу, кез келген аурудың алдын алу бағытындағы жобаларды дамыта түсуге мүмкіндік береді.

Алмат Қодасбаев, Алматы қаласы кардиологиялық орталық директоры:

- Алматы қаласында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өте көп жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алматының өзі дүние жүзі бойынша дені сау қалалар қатарына қосылды. Әрбір аулада спорттық бұрыштар бар, халықтың қолы бос уақытта серуендейтін алаңдар көп ашылып жатыр. Оның өзі халық арасында жұқпалы емес аурулардың таралмауына, алдын алуға көп септігін тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы