425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Былтыр 58 елді мекенді топан су басқан

  • 2090
  • UPD: 20:41, 26.02.2019

Рас, көктем келсе етектегі елдің есі шығатыны бар. Биыл қар қалың болды. Қарғын судың қаупі қай қай өңірде де бар. Әбден ескірген су қоймалары, қараусыз жатқан өзен арналары мен қардың шамадан тыс түсуі жығылғанға жұдырық болып тұр. Қарсы қамданыс қалай? 

Қазір нағыз қыс мезгілінің аяқталып, көктемнің таяп қалған шағы. Халықтың жанын шүберекке түйетіні де осы тұс. Өйткені мамандар қанша алдын ала қамданса да жыл сайын жүздеген үйді су алып, мыңдаған адам көшіліріп жатады. Былтырдың өзінде дәл осылай 58 елді мекен су астында қалған болатын. Биыл 505 жерде жағдай қайталануы мүмкін екені айтылды және тиісті мекемелердің оған толықтай дайын еместігі де ескертілді. Оған көбіне қараусыз қалған су қоймалары себеп. Кеңестік кезеңде тұрғызылған су қойлмаларының басым бөлігі қазір ескірген. Ал елеусіз қалған су арналарында, тіптен есеп жоқ. Бұған қоса биыл еліміздің біраз бөлігінде қар шаман тыс қалың түскен болатын. Оның ішінде Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы қауіп үлкен. Өйткені Батыс Қазақстандағы Утва өзеннің бассейініне қар нормадан екі есе, ал, Қарғандыдағы Нұра өзеніне бір жарым есе көп түскен. Бұған қоса, Шығыстағы Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларындағы жағдай мәз емес. Жалпы биыл дәл осы өңірдегі 70-тен аса елді мекен су басу қаупі бар аймақтар тізіміне еніп отыр.

Бізде қалай? Бір рет су басқан өңір жыл сайын табиғи апаттан көз ашпайды. Әсіресе жоғарыда аталған 4 аймақтан бөлек, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқындары жиі тіркеледі. Тіпті, соңы адам өліміне әкелген жағдайлар да бар. Осы мақсатта 2017 жылдан бері су тасқынының алдын алудың жол картасы қолға алынған болатын. Соңғы екі жылда жалпы сомасы 22,5 млрд теңге бөлінді. Бірақ, бәрібір елді-мекендер суға кетіп, халық қыруар шығынға батып жатыр. Мәселен, өткен жылы 1600 үйді ерген қар мен жаңбыр суы басып қалды. Су аққан жерінен айнымас деген бар. Бірақ соның өзінде ертерек ескертсек және қазірден бастап қамдансақ  қарапайым халықтың қызыл су астында қалу қаупі сәл де болса сейілер деген үміт бар.

Авторы: Аслан Қаженов

Хабар 24 телеарнасы