425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысының Жетісай ауданында күн электр станциясы салынады

  • 2397
  • UPD: 19:35, 27.02.2019

Түркістан облысының Жетісай ауданында қуаттылығы 14 МВт болатын күн электр станциясы салынады. Күн сәулесінен баламалы қуат көзін өндіретін нысанның құрылысы алдағы наурыз айында басталып, биылғы жылдың соңында аяқталады деп жоспарлануда.

Қазір ауданнан 10,7 гектар жер бөлініп, құжаттары дайындалу үстінде. Сонымен қатар осы жобаны жүзеге асыру мақсатында шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр,-дейді облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының мамандары. Бүгінгі таңда күн энергиясы - баламалы қуат көздерінің ішіндегі болашағы зор сала. Сондықтан жаңа станса іске қосылғанда өңірдегі қуат көзіне деген қажеттілік көлемі де азаятын болады. Жалпы қазір Түркістан облысы аумағында қуаттылығы 6,5 МВт болатын 4 станса жұмыс істейді.

Роза Сариева, облыстық энергетика және ткш басқармасының бөлім басшысы:

- Күн электр станциясын салуға инвестор тарту жұмыстары жүргізілуде. Ресейлік компаниямен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Тағы басқа да шетелдік компаниялармен де келіссөздер жүргізуде инвестор тарту мақсатында. Күн электр станциясы салынған кезде бірінші кезекте Жетісай ауданының өзіне және Мақтаарал, Келес аудандарын қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар.

Хабар 24 телеарнасы