384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да құтқарушылар 92 ауылды бақылауға алды

  • 422
  • UPD: 21:35, 26.02.2019
СҚО-да құтқарушылар 92 ауылды бақылауға алды

Еліміздің солтүстігінде де тасқынға тосқын қоюдың қамы жасалып жатыр. Құтқарушылар 92 ауылды бақылауға алды.

Олардың басым бөлігі Есіл өзені бойында орналасқан. Бұл аймақтағы мамандар да қазір «Көктем-2019» оқу-жаттығуын ұйымдастырып, іс-қимылдарын шыңдап жатыр. Шараға 40 мыңнан астам маман мен 10 мыңға жуық техника жұмылдырылады.

Жомарт Асқаров, республикалық оқу-жаттығу штабы басшысының орынбасары:

- Қазір барлық өңірлерде өңірлерде осы оқу-жаттығу аясында қар тазаланып, арықтар тазаланып бүкіл құрылымдар күшейтілген жұмысқа ауыстырылып жатыр. Енді бүгіннен бастап, дабыл берілді. Енді жұмыс жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы