386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында табиғи газды ірі көлемде ұрлау дерегі анықталды

  • 759
  • UPD: 23:53, 26.02.2019

«Қазтрансгазаймақ» мекемесінің өкілдері Маңғыстау облысында табиғи газды ұрлау дерегін анықтады. «Ақтау қаласындағы ірі темір балқыту зауыты құны 1 миллиард теңгеге жуық көгілдір отынды заңсыз жағып келген» дейді мамандар.  Сол себепті «ҚазТрансГазАймақ» кәсіпорынға берілетін газға 22 ақпаннан бастап шектеу қойды.

«ҚазТрансГазАймақ» мекемесінің өкілдері Маңғыстау облысында табиғи газды ұрлау дерегін анықтады. «Ақтау қаласындағы ірі темір балқыту зауыты құны 1 миллиард теңгеге жуық көгілдір отынды заңсыз жағып келген» дейді мамандар.  Сол себепті «ҚазТрансГазАймақ» кәсіпорынға берілетін газға 22 ақпаннан бастап шектеу қойды.

«Aktau Steel» зауыты болат арматура шығарумен айналысады. Кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуі үшін табиғи газ қажет. Зауытқа газ жеткізуші «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы өкілдері «жоспарлы тексеріс кезінде өрескел қателіктерді таптық, атап айтқанда газ көзіне қосымша жабдықтардың заңсыз қосылғанын анықтадық» дейді.   

Ернұр Ибраев, «Қазтрансгазаймақ» АҚ МӨФ директорының бірінші орынбасары:

- Жоба бойынша «Aktau Steel» зауытының аумағында газ тұтынатын нүкте саны төртеу деп көрсетілген. Алайда ол жерден тағы қосымша 55 нүкте табылды, яғни 55 қондырғы газ көзіне заңсыз қосылған. Тұтыну әдістемесіне сәйкес есептесек, осы заңсыз әрекеті арқылы зауыт құны 900 млн теңгемен пара-пар сұйытылған отынды заңсыз қолданған. 

«ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы өкілдері «зауыт басшылығына 18 қаңтардан бастап төрт рет ескерту хатын жібердік» дейді. Алайда екінші тараптан еш әрекет болмаған. Сол себепті кәсіпорынға берілетін газға 22 ақпаннан бастап шектеу қойылды. 

Ендігі кезекте компанияның өңірлік филиалы тиісті соманы өндіріп алу мақсатында жергілікті сотқа жүгінбек. Айта кетейік, өлке тұрғындары биылдан бастап көгілдір отынды арзандатылған бағамен тұтынуда. Сондай-ақ аймақты жылу және электр қуатымен жабдықтаушы кәсіпорындар үшін тариф төмендеді.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев

Хабар 24 телеарнасы