424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысындағы медициналық мекемелерге қаражат енді жұмысына қарай бөлінеді

  • 912
  • UPD: 07:45, 27.02.2019
Ақмола облысындағы медициналық мекемелерге қаражат енді жұмысына қарай бөлінеді Кокшетау Азия

Елімізде енді медицина мекемелеріне қаражат олардың жұмыс тиімділігіне қарай беріледі.

Былтырдан бері қолға алынған міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының ережесі осындай. Мәселен, өткен жылы қор жанындағы мониторинг бөлімі Ақмола облысындағы бірнеше емдеу мекемесінің қызметінен түрлі кемшілікті анықтаған. Халықтың шағымы мен жүргізілген тексерістер нәтижесінде оларға бюджеттен бөлінген қаражаттың бас-аяғы 220 млн теңгесі қайтарып алынған. Жалпы, Ақмола облысында 64 емдеу мекемесі бар. Олардың 40 проценті жекеменшік.

Нұрлан Ақылбеков, МӘМСҚ облыстық филиалының жетекшісі:

- 2018 жылы қайтарылып алынған 220 млн теңге ешқайда кетпейді. Олар облыста сақталып, басқа мекемелердің қажетіне қарай үлестіріледі. Осылайша, медицина ұйымдарында өзара бәсекелестік пайда болады. Ал бұл олардың қызмет сапасына оң әсер етеді.

Хабар 24 телеарнасы