388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

  • 890
  • UPD: 08:49, 27.02.2019
Маңғыстау облысында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында мың адам қатысқан бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

Аймақтағы 101 кәсіпорын тұрғындарға 1061 ваканция ұсынды. Халықты жұмысқа шақырғандардың қатарында Құрық теңіз порты, трансформатор зауыты, машина жасау зауыттары сияқты ірі кәсіпорындар мен компаниялар, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары бар. Құрылысшы, дәнекерлеуші, металл жонушы, автокран шебері, инженер, көгалдандыру ісі сияқты мамандықтарға сұраныс жоғары болды. Бір күннің ішінде 183 адам тұрақты жұмысқа қабылданды. Қалғаны түйіндемесін қалдырған. Ақтаудағы өндіріс ошақтарына қызметке жолдама алған Жаңаөзен тұрғындары жатақханамен қамтылады. Бұдан бөлек, жұмыссыздықты жою мақсатында 350 жаңа жұмыс орны құрылды. Олар қаланы абаттандыру жұмыстарына тартылады. Жалақысы 100 мың теңгеден басталады. Тағы 105 азамат тегін қысқамерзімді оқыту курстарына жазылған.

Ақберген Өтелгенов, Жаңаөзен қаласының тұрғыны:

- Бұйыртса, электрик болып орналастым. 70 пен 100-дің арасында айлық береміз дейді. Жатақханасы бар, 6 күн жұмыс, 1 күн демалыс. Ертеңнен бастап жұмысты бастап кетеміз.

Әділбек Дауылбаев, Жаңаөзен қаласының әкімі:

- Бүгін облыстан келген мекемелерден 84 азамат жұмыс орындарына жолдама алып отыр. Одан басқа қазір облыс әкімінің тапсырмасына сай жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде тапсырма болған болатын. Ол бойынша да бұрыннан жұмыс істеп отырған «Өзен инвест» мекемесіне 350 орынға көбейтіп, жаңа бос жұмыс орындарын жасап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы