389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұр Отан»: әлеумет ахуалы басты назарда

  • 739
  • UPD: 11:32, 27.02.2019

Еліміздің бас партиясының басты бағдарламасында әлеуметтің әлеуеті назарға алынған.

Әсіресе қазақстандық отбасылар мен әйелдерді қолдауға арналған бағыт өзекті. Бағдарлама аясында «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру көзделіп отыр. Сондай-ақ гендерлік теңдік қамтамасыз етілмек. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар да назардан тыс қалмайды. Осы орайда «Кедергісіз келешек» жобасы жалғасын табады. Арнаулы әлеуметтік көмектен бөлек инфрақұрылымды жетілдіру, кембағал жандарға инклюзивтік білім беру, одан әрі жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері жақсарады. Қазыналы қарттарымыз үшін белсенді ұзақ өмір сүру жағдайы түзелмек. Базалық зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерлері ұлғаятын болады.

Хабар 24 телеарнасы