386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде көп балалы отбасылар үшін 40 мың арендалық тұрғын үй салынады

  • 1439
  • UPD: 10:32, 28.02.2019

Биыл 1 шілдеден бастап еліміздегі бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақасы 30 процентке көбейеді.

Ол үшін 2019-2021 жылдары ел қазынасынан 980 млрд теңге бөлінуі керек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке осындай тапсырма жүктеді. Одан бөлек дүниеге келген әр балаға бұдан былай ай сайын 21 мың теңге жәрдемақы беріледі. Президент «тұрмысы төмен отбасылардың жағдайын жақсартуға басымдық берілсін», – деді. Аймақ басшылары жергілікті бюджеттен артылған қаражаттың барлығын әлеуметтік саланы дамытуға жұмсауы тиіс. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жер» бағдарламасының негізінде көп балалы отбасыларға 40 мың арендалық баспана салуды пәрмен етті. Ол үшін жыл сайын мемлекеттік бюджеттен 50 млрд теңгеден бөлініп отырады. Табысы төмен, көп балалы отбасыларға баспаналы болулары үшін есие 2-3 процентпен беріледі.

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының кезекті 18-съезі отырысынан арнайы шығарылымды біздің арнамыздан бүгін кешкі сағат 21:30 көріңіздер.

Хабар 24 телеарнасы