418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жолдарды жөндеуге 350 млрд теңге бөлінеді

  • 1043
  • UPD: 16:34, 27.02.2019
Елімізде жолдарды жөндеуге 350 млрд теңге бөлінеді The Qazaq Times

Мемлекет басшысы соңғы жылдары республикалық автокөлік желілерінің құрылысы бойынша тарихи маңызды жұмыстардың жүргізілгендігін атап өтті.

Нақты айтқанда, 14 мың шақырымнан аса автомобиль және 2 мың шақырымнан аса теміржол салынып, қайта жаңғыртылды. «Заманауи жергілікті жолдар желісін кеңейту – бұл Үкіметтің басты міндеті, оның орындалуын партия бақылауы қажет. Бұл мақсатқа қосымша 350 млрд теңге бөлуді тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы. Президенттің дерегінше, аталған шаралардың арқасында алдағы 5-6 жыл көлемінде облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 95 пайызының жай-күйі айтарлықтай жақсаратын болады.

Хабар 24 телеарнасы