417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Съездегі тапсырмалар жастарды ынталандырады

  • 1796
  • UPD: 16:31, 27.02.2019

«Nur Otan» партиясының 18-құрылтайында қойылған тапсырмалардың барлығы дерлік жастарды жаңа асуларды бағындыруға, өз өміріне оң өзгеріс әкелуге ынталандырады.

Бүгін кезекті съезге қатысқан партия делегаттары Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қоғам қайраткерлерінің пікірі осындай.

Ақұштап Бақтыгереева, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын:

- Съезд бағыттап берген шешімдерді жүзеге асыру үшін алдымен партия азаматтық қоғам, халықпен бірлесуі керек. Солардың үнін тыңдау керек, одан кейін жастарға жол беру керек. Алға қойылып отқан барлық мәселелерді шешуде өзінің рөлін кәдімгі басшы ретінде орындауы керек. Елден, халықтан, жастардан бөлінбеуі керек.

Михаил Дәуенов, А.Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі:

- Бұл – халықтың жағдайын ойлайтын партия. Осы 20 жылдың ішінде күрделі нәрселерден өтті. Және де осы жылдардың ішінде бұл партия жас кезінен бастап, қазір қатайып, үлкен дәрежеге жетіп, Елбасының жариялап отырған бағдарламаларда саяси күш беріп, саяси сенімділік беріп, сол Елбасының айналасына партия мүшелері мен халықты жинастырып отыр.

Шолпан Ешкеева, «Nur Otan» партиясының Астана қалалық филиалының мүшесі:

- Съезд халыққа да, жастарға да үлкен бағдар берді. Оларды жаңа табысқа, жаңа жетістіктерге жетелейді деп ойлаймын. Халықтың әлеуметтік жағдайына, әлеуметтік ахуалына көп мән берілген. Сондықтан бұл бүкіл халықтың назарында.

Хабар 24 телеарнасы